Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Полицейлер жиналысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

2024 жылғы « 29 » ақпан

№ 191 бұйрығымен бекітілген

Ішкі істер органдарында полицейлер жиналыстарын

ұйымдастыру туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты, сондай-ақ ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында  ішкі істер органдарының барлық бөліністерінде (бұдан әрі – ІІО) полицейлер жиналысы құрылады.

2. Полицейлер жиналысы – ІІО-ның беделін сақтауға және нығайтуға, қатардағы, кіші, орта және аға басшы құрам қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтуға, кәсіби және рухани-адамгершілік тәрбиесінде басшыларға көмек көрсетуге, оларға моральдық, кәсіби және психологиялық қолдау көрсетуге арналған ұжымдық қызметтің тұрақты жұмыс істейтін органы.

3. Жиналыстар өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексіне, сондай-ақ ІІО-ның қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

4. Жиналыстардың қызметі:

1) заңдылық пен әділеттілік;

2) ашықтық және айқындық;

3) ізгі ниеттілік;

4) өзара сыйластық қағидатында жүзеге асырылады.

5. Жиналыстардың міндеттері:

1) қызметкерлерде моральдық-психологиялық орнықтылықты, тәртіпті, Антқа және қызметтік борышқа адалдықты, тапсырылған учаске үшін жауапкершілікті, қызметтік әдеп пен мәдениет нормаларының сақталуын, әріптестер мен азаматтарға тілектестікпен және құрметпен қарауды қалыптастыру;

2) қызметтік жұмыс нәтижелерін арттыру;

3) қызметкерлерге моральдық-психологиялық қолдау көрсету;

4) ұжымды біріктіру;

5) тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;

6) қызметкерлердің кәсіби деформациясының алдын алу;

7) қызметкерлердің белгілі бір заң бұзушылықтар немесе теріс қылықтар жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады

8) ерекше көзге түскен қызметкерлерді ынталандыру туралы ұжымдық шешім;

9) қызметкерлерді көтермелеуге ұсынымды жоғары тұрған ІІО-ға жолдау болып табылады.

6. Жиналыс жұмысының негізгі бағыттары:

1) ІІО-ның басшыларына жеке құраммен идеологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, тәртіп пен заңдылықты нығайтуға көмек көрсету;

2) жиналыс мүшелерімен жеке жұмыс жүргізу;

3) қызметкерлерді тыңдау және проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсету;

4) жеке құрамға практикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға көмек көрсету, олардың қызметтік борышын орындауға жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу;

5) қызметкерлер арасындағы жанжал жағдайлары, дөрекілік, адамның қадір-қасиетін қорлау, қызмет бабын теріс пайдалану, қызметтік тәртіпті бұзу, қызметте, тұрмыста, қоғамдық орындарда лайықсыз мінез-құлық фактілерін қарау;

6) мәдени-бұқаралық және демалыс іс-шараларын ұйымдастыруға көмек көрсету;

7) жиналыстар шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

2-тарау. ІІО-да жиналыстарды ұйымдастыру тәртібі

7. Жиналыс құрамы төраға, хатшы және жиналысқа қатысушылардан тұрады.

1) Төраға болып басшының идеология, кадр және тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.

Төраға болмаған жағдайда жиналысты оны алмастыратын адам басқарады.

2) хатшы – жиналыс төрағасы тағайындайтын қызметкер;

3) жиналысқа қатысушылар кіші, орта және аға басшы құрам қатарынан ІІО-ның  жеке құрамы.

Жиналыс құрамына жеке құрамнан кіші, орта және аға басшы құрамның                  2 адамы сайланады.

8. Төраға:

1) жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) жиналыс қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;

3) отырыстарды өткізу орны мен уақытын айқындайды;

4) жеке мәселелерімен жүгінген қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды жүзеге асырауы;

5) жиналыстарда қабылданған шешімдерді іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

9. Хатшы:

1) жиналыс жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) жиналыс қатысушыларын жиналыстың орны, уақыты, күн тәртібі туралы хабардар етеді;

3) күн тәртібін, отырысқа қатысушылардың тізімін дайындауды, хаттаманы жүргізуді және ресімдеуді қамтамасыз етеді;

4) хат алмасуды жүргізеді, отырыс хаттамаларын және атқарылған жұмыс туралы анықтамаларды ресімдейді;

5) полицейлер жиналыстарының қызметі туралы номенклатуралық істерді ресімдеуді, жүргізуді және есепке алуды қамтамасыз етеді.

10. Жиналыс қатысушылары:

1) отырысқа енгізілген мәселелерді дайындауға, қарауға және іске асыруға қатысады;

2) жиналыстың жұмысы бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) ұжымдарында қолайлы және ізгі ниетті ортаны, өзара сыйластық пен субординация сақтауға жан-жақты ықпал етеді;

4) қызметтегі, жеке мінез-құлқындағы кемшіліктері, олқылықтары үшін кез келген қызметкерге немесе басшыға қатысты өз пікірін білдіреді Заңсыз қудалау, сын айту фактілері анықталған кезде жиналыстарда қарау үшін жазбаша өтініш береді;

5) басшыларға ұжымды біріктіруді нығайтуға, офицерлер және полицейлер ортасында өзара көмек көрсетуге ықпал етеді;

6) кәсіптік және құқықтық білімдерін арттыруда, жалпы дүниетанымы мен мәдениетін кеңейтуде үздіксіз жұмыс жасайды;

7) жиналыстың беделін нығайтады және барынша қолдайды;

8) жиналысқа жүктелген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді;

9) жиналыс өткізетін барлық іс-шараларға қатысады, оның шешімдерін және тапсырмаларын орындайды.

11. Қажет болған жағдайда жиналыс отырысына мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін, сарапшыларды, мамандарды, ғалымдарды және өзге де мүдделі адамдарды шақырады.

Шақырылған адамдар қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады және өз ұсыныстарын енгізеді.

12. Жиналыстар қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.

13. Жиналыстарды ІІО-ның уәкілетті басшысы немесе оның идеология, кадр және тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасары шақыруы мүмкін.

14. Жиналыстардың шешімдері жиналысқа қатысқан жалпы санының көпшілік дауысымен немесе көпшіліктің талап етуі бойынша жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға қатысып отырған мүшелердің жартысынан астамы дауыс берсе, заңды деп есептеледі.

Дауыстар тең болған кезде шешуші дауыс құқығына төраға ие болады.

15. Жиналыс отырыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бейне тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

16. Жиналыс шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға мен хатшы қол қояды және ұсынымдық сипатта болады.

17. Жиналыс қызметкерлерді көтермелеу туралы өтініш бере алады.

18. Тәртіптік теріс талаптарды қарау қорытындысы бойынша жиналыс:

– тәрбиелік ықпал ету шаралары (алдын алу айыптау, сыни ескерту, көпшілік алдында кешірім сұрау);

– тікелей басшының жеке кепілгерлігін;

– тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы орган басшысы алдында қолдаухат қолдана алады.

Жиналыс қаралған кезде ықпал ету шараларын қабылдамауы мүмкін, егер кінәлі өкінсе және ұжым мен жәбірленушіден кешірім сұраса, талқылаумен шектелуі мүмкін.

19. Жиналыс 2 жыл мерзімге сайланады. Сайланған жиналыстың құрамы ІІО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

20. Жиналыс қызметінің ұйымдастырылуын бақылау орган басшысына жүктеледі, ол тоқсан сайын олардың жұмысын тексеруді жүзеге асырады.

Полиция жиналысы – ІІО-ның беделін сақтауға және нығайтуға, басшыларға қызметтік тәртіпті нығайтуға, қатардағы және кіші басшы құрамның қызметкерлерін кәсіби және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, оларға моральдық, кәсіби және психологиялық қолдау көрсетуге арналған тұрақты жұмыс істейтін ұжымдық қызмет органы.

Арнайы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларымен полицейлер жиналыстары өткізіледі. Жиналысқа төраға ретінде институт бастығының орынбасары полиция полковнигі   М.Б. Алғожаев қатысып, төмендегідей сұрақтар қарастырылады:

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - photo_5386841939804017638_y-1-247x300.jpg

1.  Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылар арасында әскери-қызметтік тәртіптің сақталуын, күн тәртібінің орындалуын қадағалау.    

2.   Оқу үлгерімі, казарма үй-жайында тұру тәртібін жеткізу.

3.  Тыңдаушыларға мемлекеттік мекемелерде смартфон, планшет пен смартсағаттарды қолдануға тыйым салынатындығы туралы ескерту.

4.  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы Әскери Жарғыларына сай нысанды киім үлгісін кию және жарғыдан тыс әрекетке бармау.

5.  Оқу барысында тыңдаушылардың жеке бас гигиенасының тазалығын және жататын орындарының, киім сақтау қоймаларының, оқу аудиторияларының тазалығына мұқият болу.

6.  Институт аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау, кезекшілік кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап өз міндеттерін  дұрыс атқару және күнделікті тазалық  кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

7.  Тыңдаушыларға алкогольдік ішімдіктерді, есірткі қолдануға не болмаса тасымалдауға  тыйым салынуы туралы.

8.   Институт аумағынан тыс жерде тыңдаушылар қоғамдық тәртіпті сонымен қатар жол жүру ережелерін ӘҚТ қатаң сақтау.

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылары

Кеңес барысында тыңдаушылармен қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған ішкі тәртіп, оқу процесі, сондай-ақ құмар ойынға тәуелділік (лудомания) туралы әңгіме жүргізілді. Оның ішінде ойынға тәуелділіктің аяқталуы қандай қадамдарға әкелетіні, оған қандай адамдар бейім екендігі, лудоманияның қалыптасу кезеңдері және ең бастысы, мұндай тәуелділік туындаған жағдайда әрекет ету тәсілдері түсіндірілді.