Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

27.10.2023

Орынбор мемлекеттік университеті мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы арасындағы академиялық ұтқырлық шеңберінде, 2023 жылдың 26 қазан күні Педагогикалық шеберлік мектебінің тыңдаушыларын үшін Орынбор мемлекеттік университетінің сот және прокурорлық-тергеу қызметін ұйымдастыру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Максименко Елена Ивановна “ЕАЭО елдерінде заңгерлерді даярлаудың кәсіби талаптары мен педагогикалық әдістері” тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Дәріс барысында педагогикалық қызметтегі ең өзекті және проблемалық мәселелер талқыланып, қатысушылар  пікір алмасты.