4.11.2017
2017 жылдың 3 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай қаламыздың жоғарғы оқу орындарымен «Парасыз таза ойын» атты шағын футболдан жарыс өткізілген болатын.
Аталған турнирдің басты мақсаты жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Шағын футбол жарысы № 8 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілді. Жарысқа жоғарғы оқу орындарынан 6 команда қатысты.
«Парасыз таза ойын» атты шағын футбол жарысында I орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы жеңіп алып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ауыспалы кубогін иеленді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасының ойыншысы Құдайбергенов Дидар «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді.
Аталған шағын футбол турнирі жыл сайын өткізіліп тұрады.
ӘжДШД кафедрасының
оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ. Қосмұратов