27.10.2018
2018 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «9 желтоқсан —Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне» орай қаламыздың жоғарғы оқу орындары арасында шағын футболдан «Парасыз — таза ойын» атты жарыс өткізілді.
Аталған турнирдің басты мақсаты — жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Шағын футбол жарысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт залында өткізілді. Аталған іс-шараға қатысқан 6 жоғарғы оқу орнының бірі — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.
«Парасыз — таза ойын» атты шағын футбол жарысының қорытындысы бойынша I орынды Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының командасы, II орынды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің командасы, III орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті иеленді.
Аталған шағын футбол турнирін жыл сайын өткізіп тұру жоспарланды.
ӘжДШД кафедрасының аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов