31.08.2017
2017 жылғы 24-25 тамызда Ішкі істер органдарының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде Петропавловск қаласында «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты — ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл байқауға биыл да Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң инситуты қатысты.
Институттың қызметкерлері «Тәуелсіздік қанаттары» командасына жасақталды. Институттың атынан командаға өкілі ретінде, бастықтың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров пен команда жетекшісі ретінде институттың мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Б.Нурмухамбетова еріп барды.
Біздің команда бар өнерлерін ортаға салып, институт намысын қорғауға тырысты. Байқау нәтижесінде біздің команда алғысхатпен, сыйлықтармен, естелік альбомдармен марапатталды.
Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі