4.04.2019
2019 жылғы 03 сәуірде жалпы білім беру пәндері кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес орыс тілі пәні бойынша оқытушы полиция майоры С.А.Мендыбаева «Понятие о культуре речи» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Кіріспе бөлімде оқытушы сабақ тақырыбы мен оны өткізу жоспарымен таныстырды, сондай-ақ курсанттарға “ІІО қызметкерлерінің сөйлеу мәдениеті” туралы түсіндірді.
Сабақты дайындау барысында ашық практикалық сабақтарды өткізудің әдістемелік әзірлемесі мен әдістемелік ұсыныстары қолданылды.
Практикалық сабақты өткізу барысында полиция майоры С.А. Мендыбаева интерактивті оқыту әдістерін кеңінен қолданды, грамматикалық білімдерін бекіту мақсатында жаттығулар мен әртүрлі әдіс бойынша теориялық материалдар таңдалып және ауызша сөйлеу мәдениеті қолданылды. Сабақтың басты мақсаты мен міндеті іске асырылды.
Оқытушының белсенді жұмыс стилі және қызықты сабақ беру әдісі курсанттардың толық қабілеттерін ашуға көмектесті.
Сабақта технологиялық түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде курсанттар өз жұмыстарын дұрыс бағалай білуді үйренді.
Әріптестер оқытушыға сабақ өткізгені үшін алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі
Жалпы білім беру пәндері
кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
С.А. Мендыбаева










