27.02.2019
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы және дәрістер мен білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу аясында 2019 жылғы 26 ақпан күні Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко1 А және 1 Б курс курсанттарына сағат 14:30-15:10 аралығында «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша семинар сабақ өткізді. «Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау және құқық қорғау органдарының қызметі» тақырыбында келесідей екі сұрақ қаралды:
- Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының ұғымы мен мәні
– Адам және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жіктемесі.
– Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру тетігі
2. ҚР Құқық қорғау қызметінің ұғымы, бағыты және негізгі шарттары
- ҚР Құқыққорғау
органдары мақсаты.
- ҚР Құқыққорғау органдары қызметінің жүргізілуі.
- ҚР Құқыққорғау органдары қызметінің белгілері.
- ҚР Құқыққорғау органдары қызметінің субьектілері.
- ҚР Құқыққорғау органдары қызметінің негізгі бағыты.
Сонымен қатар осы күні 1 А курс 104, 105 – оқу топтарында сағат 15:20-16:00 аралығында «Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде және оның конституциялық- құқықтық дамуы» тақырыбында семинар өткізілді, онда келесідей 3 сұрақ қарастырылды:
- Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуындағы ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы;
- Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы;
- Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуындағы ҚазССР-нің және мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи-құқықтық маңызы.
1991ж. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
– Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің құқықтық бекітілуі;
-Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет;
– Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің сайлануы;
-1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы және дайындалуы.
3. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
– «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы;
– Қазақстандағы жаңа конституциялық реформа;
-2007 жылғы 21 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2011 жылғы 02 ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2017 жылғы 10 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Е.И. Максименкомен пәндер бойынша зерттелетін материалды шолу негізінде тақырыптармен қамтылған мәселелер алдыңғы өткізілген сабақтардың материалдарымен логикалық байланыс орнатылды. Жұмыс бағдарламасына сәйкес курсанттардың жалпы кәсіби білімін қамтамасыз етуге бағытталған зерттеудің мақсаты, оның педагогикалық және тәрбиелік функциялары айқын анықталған.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі З.Нұрыш