Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-саптық бөлінісі

22.12.2022

Оқу-саптық бөлімше ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Оқу-саптық бөлімшені институт бастығының саптық бөлім бойынша көмекшісі полиция полковнигі Махамбет Баженұлы Алгожаев басқарады, оның міндеттері: моральдық және психологиялық дайындықты қалыптастыру және қолдау. Тыңдаушылардың бойында қызметтік борышын орындау үшін қажетті қасиеттерді, батылдықты, шыдамдылықты, тапқырлықты, қырағылықты, әскери жолдастық сезімін және өзара көмек сезімін дамыту, заңдарды құрметтеу, осы мақсатта тәрбиенің жеке үлгісін, қызметке деген адалдықты, сондай-ақ әскери рәсімдерді белсенді пайдалану.

Институт бастығының көмекшісі оқу-саптық бөлімшенің (курстардың), кезекші бөлімнің, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінің қызметіне жетекшілік етеді.

Оқу-саптық бөлімше материалдық қамтамасыз етуден бастап және тыңдаушылардың бос уақытын ұйымдастырумен аяқталатын курстардың тиімді өмір сүруін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуден тұратын негізгі функциялардың бірін орындайды.

Курстық офицер-бұл өзінің жеке құрамына еліктеуге арналған стандарт, ол қызмет түріндегі ең қажетті қасиеттерді біріктіреді-бұл, ең алдымен, қамқор әке, тәжірибелі психолог, мұқият сұхбаттасушы.

Бүкіл оқу кезеңінде казарма тыңдаушылар үшін екінші үйге айналады. Курс бастығы, оның орынбасарлары, взвод командирі және старшина атынан басшылық туыстарына айналады. Олар тәлімгерлер, тәжірибелі педагогтар, өз ісінің мамандары ретінде әрекет етеді.

Сондай-ақ аға және қатардағы кіші басшы құрамның бастапқы кәсіптік даярлық курстарының тыңдаушылары оқытылады.

Бүгінгі таңда тыңдаушылармен қызметкерлер жұмыс істейді: полиция полковнигі М.М. Ешманов, полиция подполковнигі Р. К. Ракишев., полиция подполковнигі Б. Зиядинұлы., полиция майоры Н. Н. Хуйсенов,, аға лейтенанты Б.С Ақбазаров Б. С., аға лейтенанты А. Асқар., аға сержанты А. Кенжәлі.

Тыңдаушылардың оқудағы және қоғамдық өмірдегі іс -шараға қатысуы

Демалыс – жақсы  көңіл-күй мен қуаттану кепілі .

2024 жылғы 1 желтоқсанда ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды арттыру, қоғамдастық дағдыларын, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жағымды эмоциялар алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында АКДК тыңдаушылары “Keruen City” ойын-сауық орталығына барды.

Кинотеатрға бару орталықтың аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орталығына  барумен қатар жүрді, онда қаралған фильм белсенді талқыланып, тыңдаушылар жағымды әсерлерімен бөлісті. Жалпы, ойын-сауық орталығына бару жағымды эмоциялармен қоса, оқу аптасынан кейін демалу,сондай-ақ адамдармен және қаламыздың көрікті жерлерімен байланысу және танысу құралы болды.

Көтеріңкі көніл күй жанға қуат береді.

   Ағымдағы жылдың 21-23 қарашасында Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек» сарайында ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогына спорттық және жауынгерлік самбодан турнир өтті. Көрермендер татамидегі қызықты жекпе-жектердің куәсі болды. Бұл дағдылардың барлығы болашақ полицейлерге өте қажет, атап айтқанда, алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшыларды белсенді түрде қолдады, сондай-ақ жарқын эмоциялар алып, курстың камандалық рухын нығайтты. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды “Батыс” өңірлік қолбасшылығының командасы жеңіп алды. Екінші орында елордалық 5573 әскери бөлімінің спортшылары, ал үшінші орынды “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының балуандары иеленді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов жеңімпаздарға белбеулер, кубоктар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Қазақстан Республикасының Республика күніне орай институттың ауыспалы және тұрақты жеке құрамының патриоттық сезімдерін нығайту және мемлекетке деген адалдық пен қызмет етуге жауапкершілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы 25 қазанда Ақтөбеде Республика күніне орай облыс көлемінде аталып өткен шараға институттың жеке құрамы қатысты Айтулы күні қаладағы орталық саябақтағы Тутұғыр аланыңда ту көтеріліп, ұлттық рәміздерге құрмет көрсетілді. Жиынға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров пен қала әкімі Азамат Бекет Ақтөбеліктерді мерекемен құттықтап, айтулы күннің мәні мен маңызына тоқталды.

15.04.2024 ж.

«Тазалық- табалдырықтан басталады»,

«Тазалық- табалдырықтан басталады»,
демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді.
Институт аумағында және жергілікті әкімшілікпен бекітілген Курсанттар тас жолы бойында апта сайын жүргізіліп жатқан қызу сенбілік жұмыстарына тыңдаушыларымыз бір кісідей ат салысып, әрбір курс белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

02.04.2024 ж.

2 сәуір күні Институт басшылығы оқуға жаңадан келген алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында құқық қорғау қызметінің басымды бағыттарына, сондай-ақ, білім беру процесін ұйымдастыру және сабақтарды өту алгоритмі, тәртіп пен заңдылыққа қатысты мәселелер қарастырылды.

01.04.2024 ж.

КЕЗЕКТІ АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

Полиция қызметінің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбеюде. 01 сәуірде институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (2 ай) ішкі істер органдарына іріктеуден өткен үміткерлер қабылданды.

26.02.2024 ж.

 Тимбилдинг

АКДК тыңдаушыларының демалыс күнін тиімді өткізу мақсатында, 1 курс жеке құрамы мен институт психологі полиция  аға лейтенанты І.Таңатарова бірлесіп тимбилдинг ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты – біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды құру.

Өткен корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізіп, керемет эмоциялар сыйлады.

12.02.2024 ж.

Демалыс – жақсы  көңіл-күй мен қуаттану кепілі .

2024 жылғы 11 ақпанда ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды арттыру, қоғамдастық дағдыларын, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жағымды эмоциялар алу мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында АКДК тыңдаушылары “Keruen City” ойын-сауық орталығына барды.

Кинотеатрға бару орталықтың аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орталығына  барумен қатар жүрді, онда қаралған фильм белсенді талқыланып, тыңдаушылар жағымды әсерлерімен бөлісті. Жалпы, ойын-сауық орталығына бару жағымды эмоциялармен қоса, оқу аптасынан кейін демалу,сондай-ақ адамдармен және қаламыздың көрікті жерлерімен байланысу және танысу құралы болды.

04.02.2024 ж.

Жақсылық, жасап жарысайық!

Ақтөбе облысы аумағында ағымдағы жылдың ақпан айында ауа-райының күрт өзгеруінің салдарынан қар қалың жауып тіпті жолдар жабылды.
Осындай қиын шақта Актөбе заң институтының тыңдаушылары “№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” мекемесіне арнайы барып, ауласын түгел бораған қардан тазартып көмек көрсетіп, игі іс жасады. Қолғабыс еткен жас полицейлерге мекеме қызметкерлері алғыс білдірді.
Жақсылық, жасап жарысайық!

(20.01.2023)

Институтта 25 Қазан – Республика күнін мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Таңертеңгі саптық жиын кезінде институттың жеке құрамы мен арнайы даярлық курстарының тыңдаушылары мемлекеттік әнұранды орындады, ал ту ұстаушылар тобы салтанатты шерумен туды шығарды.
Институт бастығы полиция полковнигі Н. Мұхаметқалиев жеке құрамды ұлттық мереке-Республика күнімен құттықтап, тыңдаушыларға сәттілік тіледі.

Қысқа мерзімді оқу бағдарламасын игеруге келген арнайы даярлық курсының тыңдаушыларын ішкі істер органдарының тарихы туралы хабардар етуге ықпал етеді.

Осыған байланысты болашақ полиция қызметкерлеріне милиция подполковнигі, Кеңес Одағының Батыры Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындастыруға өз үлесін қосқан және ішкі істер органдарында өз ізін қалдырған Малкеждар Бөкенбаев туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, институт мұражайына экскурсия жүргізілді, ұлы тұлға туралы материалдар мен естеліктер жиналды.

11 қарашада институтта институт ардагерлері кеңесінің құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бүгінде ардагерлер институт қызметіне белсенді қатысуда. Олардың тәжірибесі, білімі тыңдаушылардың патриотизм сезімін тәрбиелейді, іскерлік және моральдық қасиеттерін дамытады.

Институт бастығы құқық қорғау қызметіне арнаған ардагерлерді құттықтап, олардың оқу орнының дамуына қосқан зор үлесін жоғары бағалады және жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысқаны үшін алғыс айтты.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы даярлық курсының тыңдаушылары өлке тарихымен танысу мақсатында Ақтөбе облыстық мұражайына барды.

Мұражай басшылары оларға тақырыптық-экспозициялық залдар бойынша экскурсиялар өткізді және экспонаттар мен тарихи құнды материалдар туралы айтып берді. Тыңдаушылар жақсы әсер алды.

19 қараша күні 1 курс тыңдаушылары жексенбілік күнге орай « Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына» экскурсия жасады. Тыңдаушыларға халқымыздың рухани асыл қазыналары мен өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған облысымыздағы ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөнінде өлкеміздің өзіне тән қайталанбас ерекшеліктерін айтып, қосымша білім алуға, қалпына келтіру шеберханасы, оқу залы бар ғылыми кітапхана, кәсіби қор сақтауға, көркемөнер шеберханасының орындары көрсетілді. Мұнда өлкенің пайдалы қазба кендері, жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, археологиялық қазба кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары, қыштан жасалған бұйымдар, қазақ-қалмақ соғыстары туралы құнды мәліметтер, сол кездегі қару-жарақ үлгілері (Есет батырдың заттары, Арал батырдың сауыты), этногриялық материалдар қойылған. Халық ауыз әдебиетіне арналған экспозицияда “Қобыланды”, “Айман-Шолпан”, “Қыз-Жібек” сияқты эпикалық туындылар, Қорқыт, Асан Қайғы, Шернияз ақын жөнінде маңызды деректер кездеседі. “Алаш” ұлттық-демокр. қозғалысы, саяси-қуғын сүргін құрбандары, осы өлкедегі зиялы қауым өкілдері (дихан Ш.Берсиев, композитор Ғ.Жұбанова, ғарышкер В.И.Пацаев т.б.) жөнінде құжаттар жинақталған. Жыл сайын мұражай экспозициямен 100 000-ға жуық адам танысады. Солардың ішінде біздің тыңдаушыларымыздың болғанына қуанамыз.