13.11.2023
Оқытудың ақпараттық-техникалық құралдары бөлімі институт бөлімшелерінің қызметін техникалық және телекоммуникациялық сүйемелдеу, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында құрылды.
Бөлімді бастықтың міндетін уақытша атқарушы полиция майоры Нұржанов Саламат Бағдәулетұлы басқарады, оның қарамағында: инженер-бағдарламашы, полиция лейтенанты Сағитжан Темірлан Бекұлы және техник, полиция сержанты Шуманова Зарина Ирлановна.
БӨЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Бөлімнің негізгі міндеті күндізгі оқыту және кәсіптік, қосымша оқыту факультеттерінің оқу процесін техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ институтта қолданыстағы “Платон” және “Moodle”автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануға әдістемелік және техникалық көмек көрсету болып табылады.
Бөлім жаңа құралдар мен технологияларды енгізу мақсатында ақпараттық технологияларды құратын арнайы байланыс органының құрылымдық бөлімшелерімен байланыс жасайды.
Ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қауіптерін, осалдығын деструктивті ақпараттық бағдарламалық жасақтама мен аппараттық құралдардың қауіптерімен байланысты анықтайды, жүйелер мен желілерге зиян келтіруі мүмкін деструктивті ақпараттық әсерлердің қауіптерімен байланысты тәуекелдерді бағалайды және асыра бағалайды.
Ақпаратты енгізу бойынша шектеулерді, қауіпсіздікті бұзу оқиғаларын басқару рәсімдерін анықтайды және олардың дамуына жол бермейді.
Оқу процесінде мультимедиялық жабдықтар мен сөйлеуді күшейту аппаратурасын уақтылы орнатуды қамтамасыз етеді.
Ашық сабақтарды, халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдерді дайындауға және өткізуге қатысады, сондай-ақ институттың қоғамдық және ғылыми іс-шараларына қатысады.
Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: