4.10.2023
Институт бастығының көмекшісі полиция полковнигі М.Б.Алғожаевтың жетекшілігімен арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінің полигонында 5,45-мм Калашников автоматынан оқу-жаттығу тәжірибелік атыс сабағы жүргізілді.
Атыс алдында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларынан сынақтар қабылданып, қару мен оқ-дәрімен қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.












