Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу сабақтарын өткізуге тәжірибелік қызметкерді тарту туралы ақпарат

2.11.2020

2020 жылдың 31 қазанында 304 взвод курсанттарымен тәжірибелік қызметкер, «Астана» телеарнасының тілшісі Ольга Литвинаның қатысуымен «Сөйлеу мәдениетінің негіздері» пәні бойынша «Шешендік өнер және оның кәсіби қызметтегі маңызы» тақырыбында сабақ өтті.

Дәріскер курсанттармен ақпараттық құзыреттілікті дамыту бойынша келесі тәжірибелік ұсынымдармен бөлісті: телесұхбатқа психологиялық дайындық, баспасөзбен қарым-қатынас жасау қағидаттары, сұхбатта өзін-өзі ұстау ережелері, дайындалған материалдардың презентациясымен көпшілік алдында сөз сөйлеуді жоспарлау.

КПДжІІОБ кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Ж.М.Есмамбетова