20.07.2019
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында тыңдаушыларды тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған,Жол картасында белгіленген басты басымдықтарды іске асыру бойынша іс-шара жүргізілуде. Аталған іс – шараның мақсаты-оқушыларды патрульдік полицияның тәжірибелік қызметімен тікелей таныстыру, практикалық-бағдарлы оқыту деңгейін арттыру және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Сабақ өткізу барысында Ж. Д. Қалиев пен А. К. Құдайбергенов Имитациялық автополигонды пайдалана отырып, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының “Жол қозғалысы ережесінің” 5.10 тармағында көзделген реттеушінің “қол созылды немесе түсірілді”, “оң қол Алға созылды”, “қол жоғары көтерілген” сигналдарын көрнекі түрде көрсетті және олардың мәні түсіндірілді.
Сонымен қатар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тыңдаушылармен қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық тәжірибемен бөлісті, оларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды электронды форматта құрастыру тәртібі мен ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің жұмысын түсіндірді.
Практикалық сабақтың қорытынды бөлімінде тыңдаушылармен сабақ тақырыбы бойынша қызықтырған сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
ӘҚ жІІО ӘҚ кафедрасының профессоры
полиция майоры
Ч.К.Утегенов













