Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОТЫРЫС

18.09.2023

2023 жылғы 18 қыркүйекте Институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С.И. Каракушевтің төрағалығымен факультеттер, кафедралар, орталықтар және бөлімдердің кезекті отырысы ұйымдастырылды.


Күн тәртібінде оқу процесін жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік құжаттар мен материалдарды жандандыру; практикаға бағытталған оқу үрдісін күшейту; электрондық оқу-әдістемелік материалдардың дайындалу барысы және тағы басқа сұрақтар егжей-тегжейлі қарастырылды.