28.10.2021
Ағымдағы жылдың 27 қазанында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында “Қазіргі заманғы білім берудің тәжірибесі, мәселелері мен даму перспективалары” тақырыбында жоғары оқу орындары арасындағы оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды. Біздің институт атынан “Криминалистикалық полигонды оқу процесінде пайдалану” тақырыбына қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова мен аға оқытушысы полиция подполковнигі Е.А. Церковна бірге дайындаған баяндама талқылауға ұсынылды.
Баяндама шеңберінде бейнероликтер мен фотосуреттерде “Криминалистика”, “Қылмыстық іс жүргізу құқығы” және т.б. пәндерден тәжірибелік сабақтар, сондай-ақ “Тактикалық-арнайы дайындық” пәні шеңберінде жедел-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде оқу полигондарын профессор-оқытушылар құрамының пайдалану мүмкіндіктері мен тәжірибесі көрсетілді.













