Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«НОМАТИВТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ» СЕМИНАРЫ

1.02.2020

2020 жылдың 1 ақпаны күні Ақтөбе қалалық «Antikor ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен «Номативті құқықтық актілердің  жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу» семинары өтті. Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – өңіріміздегі орталық жəне жергілікті органдардың нормативті құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті  басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Нұрмыханұлы Досанов, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша  филиалының директоры Саида Әсетқызы Садуақсова, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қорының президенті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының штаттан тыс кеңесшісі, Республикалық Арнайы мониторингтік топ басшысының орынбасары Зəуреш Қабылбекқызы Батталова кіріспе сөздерімен бастады.

Жиынға «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, Облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері, департамент жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері, БАҚ өкілдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен докторанттары, қоғам өкілдері, заңгерлер, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция полковнигі Айслу Қайырлықызы Каримбаева қатысты. Барлығы 50-ден астам тыңдаушы болды.

Семинар барысында Зəуреш Батталова еліміздің дамуы үшін нормативті құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, ашық диалогтық сұхбат құрды.Тыңдаушыларға сараптама жасаудың негізгі қағидалары мен жүйесін, техникасы мен мақсатын, сараптама өткізудің мерзімдері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындысының құрылымын, мазмұны мен ақпараттың ашықтығына және қолжетімділігіне қатысты құнды ақпараттар берілді.Сондай-ақ, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін заңнама институтының ғылыми жетекшісі, Республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Тілекұлы Ғабдуалиев практика жүзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу процесіне кеңінен тоқталып өтті.Барлық тыңдаушылар практикалық сабаққа белсенділікпен қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл механизм заңнамалық және нормативті құқықтық актілерді әзірлеу сатысында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция полковнигі

А.Қ. Каримбаева