Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«На пороге школы» атты ата-аналар конференциясына қатысу»

20.02.2020

2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру» кафедрасының бастығы полиция полковнигі Ж.А.Аюпов «Көру және есту ауыр ауытқулары бар балалар үшін «Ақбота» арнайы бала-бақшасы» әкімшілігінің шақыртуы бойынша «На пороге школы» тақырыбындағы ата-аналар конференциясына қатысты.

Бала жол қозғалысының қорғалмаған қатысушысы болғандықтан, жоғарыда аталған іс-шара барысында ол жол жүру ережелерін сақтау, жас жаяу жүргіншілермен жол-көліктік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау бойынша сөз сөйледі.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен орын алған жол көліктік оқиғалардың көпшілігі жол жүру ережелерін білмегендіктен болып жатқандықтан, аталған іс-шараның мақсаты ата-аналар назарына балалардың көшедегі іс-әрекетіне ерекше көңіл бөлу жолдан өтуді тек қана жаяу жүргінші өткелінен өту қажеттілігін жеткізу болып табылады.

«Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру»

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Ж.А.Аюпов