Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ БЕЙНЕСТУДИЯНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

21.05.2024

М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған мультимедиялық интерактивті бейне студияның тұсаукесері өтті. Видеостудия институтта қашықтан оқыту мен шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда тиімді рөл атқарады. Мультимедиялық интерактивті бейне студия презентация жасау және өңдеу бағдарламалық құралын, мөлдір сенсорлық тақтаны және түсіру процесін қолдайтын жүйені пайдаланады. Сондай-ақ, спикерге камераға қарап мәтінді оқып қана қоймай, өзіне және слайдтарына айнадағыдай қарап сөйлеуге мүмкіндік беретін айна телесуфлері қолданылады. Сонымер қатар бұл студия әр оқытушыға онлайн дәрістер, ақпараттық бейне презентациялар, онлайн дәрістер мен веб-конференциялар өткізуге таптырмас мүмкіндік. Видеостудия оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық технологияларды пайдалана отырып өзара іс-қимылы үшін құнды құрал болып табылады, ол Республиканың Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқу процестерін цифрландыру жөніндегі талаптарына сәйкес келеді