16.10.2025



2025 жылғы 06-11 қазан аралығында Жамбыл ПД базасында орта басшы құрамның «Әкімшілік және жергілікті полиция қызметі басшыларының кәсіби құзыретін» (қалалық (аудандық) полиция басқармаларының (бөлімдердің), (К)ПД басқармаларының басшылары) санаты бойынша біліктілікті арттыру көшпелі «Мобильді академия» курстары ұйымдастырылды.
Оқыту Жамбыл ПД және Көліктегі ПД қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолдану бағыты бойынша дағдыларды меңгерді. Курс соңында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.







