23.08.2025



2025 жылдың 18 тамыз бен 23 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы ПД базасында орта басшы құрамының «Әкімшілік және жергілікті полиция қызметі басшыларының кәсіби құзыретін жетілдіру» (қалалық (аудандық) полиция басқармаларының (бөлімдерінің), (К) ПД басқармаларының басшылары) санаты бойынша біліктілікті арттыру көшпелі «Мобильді академия» курстары ұйымдастырылды.
Оқыту Солтүстік Қазақстан облысы ПД базасында СҚО ПД қызметкерінің және Қөліктегі ПД қызметкерінің қатысуымен өтті.
Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды мәселелердің теориялық және тәжірибелік шешімдері, олардың дұрыс қолданылу бағыты бойынша дағдыларды меңгерді.Курс сонында қызметкерлерге біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.







