17.03.2022
“Жастар арасындағы қылмысқа және есірткіні пайдалануға қарсы күрестегі профилактикалық жұмысты күшейту” тақырыбында халықаралық семинар
Ағымдағы жылдың 17 наурызында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова Нұр-сұлтан қаласындағы трансұлттық қауіп-қатерлер департаменті ЕҚЫҰ хатшылығының қамқорлығымен өткізген “Жастар арасындағы қылмысқа және есірткіні пайдалануға қарсы күрестегі профилактикалық жұмысты күшейту” тақырыбындағы семинарға қатысты.
Іс – шара ЕҚЫҰ-ның “Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық қатерлеріне қарсы күрес жөніндегі ақпараттық компанияларының жастар арасында қылмыс пен есірткіні пайдаланудың алдын алудың заңды сұрақтары мен ағарту құралдарының тиімділігін арттыру” жобасын таныстыруға және шолуға бағытталған.
Семинар барысында халықаралық сарапшылар қатысушыларды, яғни мұғалімдер, профессорлар және азаматтық қоғам өкілдері жастарды ұйымдасқан қылмыстың, сыбайлас жемқорлық пен есірткіні пайдаланудың шынайы қатерлері мен жағымсыз салдарларынан оқыту үшін UNODC Education4Justice материалдарымен және Global Program on Prevention материалдарымен пайдалана алуды таныстырды.











