7.09.2017
2017 жылғы 30 тамызда Облыс әкімдігінің бастауымен Әбілхайыр хан даңғылында 12 мыңнан астам ақтөбеліктер – әртүрлі мамандықтар мен ұйымдар иелері орталық стадионнан Облыс әкімдігіне дейін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шерумен өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы да қатысты.
Іс-шараны Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев ашып: «Біз бүгін Қазақстанның ең басты ұлы мерекесін атап өткелі отырмыз. 22 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қазақстандықтар ең негізгі заң – еліміздің Конституциясын қабылдады. Өткен жылдары Конституция өзінің өмірлік күшін дәлелдеді. Бір шаңырақтың астында бейбітшілік мен келісімде 130-дан астам ұлт өмір сүріп жатыр. Бұның барлығы саясатымыздың дұрыстығы мен тұрақтылығы» – дей келе, барлық ақтөбеліктерді Конституция күнімен құттықтады.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева