Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мерекелік концерт

22.06.2025

Полиция күніне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен курсанттары және Ақтөбе облысы ПД-ның, Көліктегі ПД-ның қызметкерлері қаланың орталық саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап мерекелік концерт өткізді. Бұл іс-шара құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтуге және қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.
Концерт бағдарламасы әскери-патриоттық әндермен, ұлттық билермен және институттың өнерпаз қызметкерлері мен курсанттарының орындауындағы музыкалық нөмірлермен толықтырылды. Сахнадағы өнерпаздар көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіндегі ерлік пен адалдықты паш етті.
Іс-шара қала тұрғындары тарапынан жылы қабылданып, оң бағасын алды. Көптеген көрермендер полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, осындай мәдени шаралардың жиі өткізілуіне тілектес екендіктерін айтты.