Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мен полиция боламын

13.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ҚПжК кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары арасында «Мен полиция боламын” тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды. Сайыс барысында байқауға 6 сынып аралығындағы «Жас сақшы» кадет сыныбының белсенді оқушылары қатысып, өздерінің суреттері арқылы қоғамдағы заңның маңызын, құқық қорғау органдарының қызметін, адал полицияның, әділеттілік пен тәртіптің рөлін бейнеледі. Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен оқушыларға грамота және алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында оқушылар құқықтық тәрбие жөнінде пайдалы мағлұматтар алып, болашақта құқық қорғау саласында қызмет етуге деген қызығушылықтарын білдірді. Бұл байқау жас ұрпақтың заңға деген құрметін арттыруға, әділ қоғам қалыптастыру жолындағы жауапкершілікті сезінуге үлкен үлес қосты.