23.05.2025



2025 жылғы 23 мамырда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Мен полицеймін” атты мектеп оқушыларына арналған квест ойынын ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметі туралы түсінік беру және патриоттық тәрбиені насихаттау. Сонымен қатар, ойын және танымдық тапсырмалар арқылы оқушыларды полиция қызметкерлерінің жұмысымен таныстыру көзделді.
Квест ойынына №41 мектептің 3”А” сынып оқушылары қатысып, олар түрлі станцияларды өтіп, логикалық тапсырмаларды орындады.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды. Квест ойыны балалардың үлкен қызығушылығын тудырып, полиция мамандығына деген оң көзқарас қалыптастырды. Мұндай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.







