Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мен Донормын!

14.06.2025

Донор жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан зардап шегетін науқастардың өмірін ұзартуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
14 маусымда аталып өтетін Дүниежүзілік қан доноры күніне орай, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері белсенділік танытып, донор болды. Жеке құрамның осы іспетті игі істермен айналысуы көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз.