Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мен батырдың ұрпағымын

12.05.2025

2025 жылдың 28 сәуірі мен 12 мамыры аралығында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының және институттың Ардагерлер мен тәлімгерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Мен батырдың ұрпағымын”тақырыбында курсанттар арасында институтішілік эссе байқауы өтті. Байқауға 18 эссе тіркеліп, 4 эссе үздік деп танылды.
Осындай іс-шаралар Отан қорғаған ерлердің ерлігін ұлықтап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, тарихқа деген құрметті және ұлттық рухты тәрбиелеуге көп ықпалын тигізбек.
Барша қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз.