Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Меморандумға қол қойылды.

28.10.2022

Меморандумға қол қойылды  2022 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты өзара ынтымақтастық туралы келісім бекітті. Салтанатты шара барысында Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Абзал Жұматаев және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Алтай Байсұлтанов екі жақты Меморандумға қол қойды. Кездесу барысында Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы институттың оқытушыларына Қазақстан Республикасы ҚМА ЭТД қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласы бойынша грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.