11.09.2025



2025 жылғы 11 қыркүйекте Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе гарнизонының Әскери прокуратурасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты – ғылыми-зерттеу, оқу, тәжірибелік дайындық пен тағылымдамаларды дамыту, құқық қорғау органдарына білікті мамандар даярлау. Тараптар бірлескен зерттеулер, тәжірибе алмасу, материалдық-техникалық базаны пайдалану және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға уағдаласты. Меморандум құқық қорғау жүйесін жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.







