Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мемлекеттiк және мемлекеттік емес күзетiлуге жататын объектiлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны жетілдірудің жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

11.12.2021

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мемлекеттiк және мемлекеттік емес күзетiлуге жататын объектiлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны жетілдірудің жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі ЖОЛДАСОВ Ораз Жолдасұлы ашты. Сонымен қатар іс-шараға ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бастығы полиция полковнигі МОЛДАХАНОВ Дархан Маханұлы; ІІО ардагері, отставкадағы полиция полковнигі, з.ғ.д., профессор ТҮЗЕЛБАЕВ Ерғали Ошпанбайұлы; ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы з.ғ.к., полиция полковнигі БАЙСҰЛТАНОВ Алтай Бисенұлы; РФ Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры з.ғ.д. БУКАЕВ Николай Михайлович; ҚР Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясының бас ғылыми қызметкері з.ғ.к., доцент, ҚҰЛМҰХАНБЕТОВА Бибігүл Аманжолқызы және жергілікті атқарушылық органдар мен стратегиялық объектілердің басшылары, қызметкерлері, ведомстволық пен азаматтық оқу орындарының оқытушылары, судьялар мен ІІО-ның тәжірибелік қызметкерлері қатысты.
Конференция барысында мемлекеттiк және мемлекеттік емес күзетiлуге жататын объектiлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар проблемалары талқыланды, ұсыныстар айтылды және оларды шешу жолдары қарастырылды. Қатысушылармен келтірілген барлық ұсыныстар жинақталып жалпыға ортақ тұжырым жасалды.