Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында тәрбие сағаты

12.12.2023

12 желтоқсанда кәсіби даярлық факультеті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларына «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізуге «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді  оқыту орталығының» КММ оқытушысы Умарова Жанар Адилқызы шақыртылды.

      Танымдық сағатта тыңдаушыларға Тілдерді  оқыту орталығының оқытушысы мемлекеттік тілдің қызметтегі қолданысының, сонымен қатар ана тіліміздің заманауи қолданысқа түсуге қабілеттілігі талқыланып, қазақ тілінің іс-жүргізудегі рөлі мен мәселелері туралы айтып өтті.

       Іс – шара барысында тыңдаушылар көптеген мәлімметтер алып, полиция қызметкерлерінің халыққа жақын болуы бірден – бір тілдік нормаларды дұрыс әрі сауатты қолдана білуі керек екенін ұғынды.