Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мемлекеттік рәміздер-елімнің мақтанышы»

15.04.2021

Идеология жұмысы бөлімшесі және жалпы заң пәндер кафедрасымен бірлесіп «Мемлекеттік рәміздер-елімнің мақтанышы» тақырыбында М.Дулатов атындағы №63 жалпы білім беретін мектеп-лицейі және Ф.Онғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы полиция кадет класстарының оқушыларымен онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау, оларды отансүйгіштікке, мемлекеттік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Дәріс барысында ЖЗП кафедрасының оқытушысы полиция майоры Р.Джигитовамен Мемлекетік рәміздер туралы ақпарат жеткізілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға тиісті жауаптар алды.

ОИР