7.09.2020
Қазақстан Президенті 2020 жылды еріктілер жылы, бүкіл ел ауқымындағы игі істер уақыты деп жариялады.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 орта мектепте оқитын Дузбаев отбасындағы балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетті.
Дузбаевтар отбасы институт басшылығы мен қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
БАжКҚД инспекторы
полиция капитаны
Д.К.Каратикенова










