Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Медициналық бөлім

16.10.2025

Институттың медициналық бөлімі өз қызметін курсанттар мен тыңдаушылардың денсаулығын сақтауды, кең көлемде аурудың алдын алу, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру негізінде ұйымдастырады.

– Медицина қызметкерлері курсанттар мен тыңдаушылардың күн тәртібін жасауға қатысады;

– курсанттар мен тыңдаушылардың денсаулығына кері әсер ететін факторларды анықтау үшін оқу, қызмет көрсету және тұрмыстық жағдайларды үздіксіз зерттейді;

– аурулар мен жарақаттардың алдын алу шараларын жүргізеді;

– курсанттар мен тыңдаушылардың денсаулығын динамикалық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

– курсанттарға, тыңдаушыларға, оқу орнының қызметкерлеріне шұғыл медициналық көмек көрсетеді;     

– курсанттар мен тыңдаушыларды амбулаторлық және стационарлық емдеуді қамтамасыз етеді;

– тыңдаушылар мен қызметкерлерге профилактикалық екпелерді ұйымдастырады;

– медициналық бөлімнің тәжірибесіне аурудың алдын алу мен емдеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ жаңа техниканы, технологияны және дәрілік заттарды зерделеуді және енгізуді ұйымдастырады;    

– ведомстволық денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты байланыста болады және институттың медициналық бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайтады және дамытады.  

Медициналық бөлімнің дәрігер-терапеві Кдиргалиев Аскар Абдрахманович