Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Масс-рестлинг

17.06.2025

Полиция күнін мерекелеу аясында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында курсанттар арасында масс-рестлингтен дәстүрлі жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара жас мамандардың дене шынықтыру дайындығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және спортқа деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталған.
Жарысқа институттың барлық курсанттары белсенді қатысып, өздерінің күшін, ептілігін және төзімділігін көрсетті. Масс-рестлинг – қатысушылардың мықтылығын және күш-жігер мен ерікті талап ететін спорт түрі. Сайыс барысында тартысты сәттер көп болып, жанкүйерлердің қолдауымен спорттық рух жоғары деңгейде болды.