Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында кеңес өтті.

22.10.2024

Кеңесте 2024 жыл бойынша полицияның жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге негізгі міндеттер айқындалды. Кеңеске басшылық, қызмет бастықтары және жеке құрам қатысты.

Жиын барысында Институт бастығы Нұркен Мұхаметқалиев Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің ІІМ алқасының отырысында берген негізгі талаптары мен тапсырмалары туралы баяндады. Жедел қызметтің негізгі бағыттары туралы Институт бастығының орынбасарлары толық баяндама жасады.

Баяндамашылар 2024 жылдың 9 айында қабылданған кешенді шаралардың облыста тұрақты жедел жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Кеңесті қорытындылай келе, Нұркен Мұхаметқалиев Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойған негізгі міндеттерін орындау қажеттігін атап көрсетті.