- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся




Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты кәсіби даярлық факультеті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің салалық қажеттіліктерін ескере отырып, 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша курсанттарды даярлауды жүзеге асыратын институттың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
2025 жылғы маусым айынан бастап Институтта жоғары оқу орынан кейінгі білім беру факультетінің қысқаруына байланысты кәсіби даярлық факультетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы – ғылыми-педагогикалық магистратура шеңберінде
7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» бағыты бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыру қосымша тапсырылды. Бұл білім алушылар ғылыми және талдамалық құзыреттерін қалыптастыруға, зерттеу әлеуетін дамытуға және ІІМ жүйесі үшін болашақ оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді даярлауға бағытталған факультетті дамытудың маңызды кезеңі болды.
Факультеттің қызметі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруге, Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру және инновациялық әдістемелерді енгізу арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Факультеттегі оқу процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады, оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары, бағдарламалары және оқу процесі ұйымдастырылады.
Кәсіби даярлық факультетінің бастығы, философия докторы (PhD), полиция полковнигі Дархан Амангельдиевич Амангельдиев басшылықты жүзеге асырады.
Факультет бастығы өз өкілеттіктерін өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады:
Қазіргі уақытта факультет штатына оқытушылық және оқу-әдістемелік қызметте мол тәжірибесі бар қызметкерлер кіреді:
– аға оқытушы-әдіскерлері – полиция подполковнигі Мыштаева Ақбота Ансатовна, полиция подполковнигі Елеусизова Мейрамгуль Бериковна;
– оқытушы-әдіскері – полиция аға лейтенанты Сагинбаева Аружан Уайскызы.
ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ:
Қостанай жоғарғы милиция мектебінің Ақтөбе филиалы құрылғаннан яғни, 1996 жылы күндізі оқуфакультеті құрылды (қазіргі кәсіби даярлық факультеті), өткен уақыттың тарихына көз жүгіртіп келесі ақпараттармен танысуға болады:
1998 жылдан бастап Ақтөбе заң колледжі болып қайта құрылды. Сол кезден бастап күндізі оқуфакультеті ашылды. Күндізгі оқу факультеті (қазіргі атауы – кәсіби даярлық факультеті) еліміздің Ішкі істер органдарына жоғары білікті мамандар даярлауда ерекше маңызға ие құрылымдардың бірі болып табылады. Факультет алғаш құрылған күнінен бастап заманауи талаптарға сай білім беруді, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруды басты мақсат етіп келеді.
2010 жылғы 21 мамырында № 242 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес колледж Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты болып қайта құрылды.
2019 жылдың қараша айында Институттың ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістері барысында күндізгі оқу факультеті «Кәсіби даярлық факультеті» деп өзгертілді.
Оқу орны құрылғалы факультет басшыларының хронологиясы келесідей:
ФАКУЛЬТЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Кәсіби даярлық факультетінің негізгі функциялары:
– оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеудің уақтылығы мен сапасын бақылау;
– білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың жаңа нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізу;
– оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау;
– оқу процесін бақылауды ұйымдастыру: білім алушылардың оқу сабақтарына қатысуын; оқу жұмыс жоспарлары орындалуын бақылау; аудиториялық сабақтардың өткізілуін және білім алушылардың өз бетінше дайындалуын бақылау; білім алушылардың оқу сабақтарына ағымдағы үлгерімі мен қатысуын бақылау;
ФАКУЛЬТЕТТІҢ МІНДЕТТЕРІ:- жоғары оқу орындарының оқу процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актлерді жетекшілікке ала отырып, факультетке жүктелген міндеттемелерді уақытылы және сапалы дайындау;
– факультетте іс-қағазадарды уақытылы және сапалы жүргізу, келіп түскен хаттарға жауап дайындау нұсқауларды, сұрауларды, орындау;
– факультеттің құзырына енетін сұрақтар бойынша түсініктеме беру;
– ішкі еңбек тәртібінің ережесін, қызметтік, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
– мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқада құпияларды сақтау;
– сыбайлас жемкорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын, мемлекеттік және ІІО-ры қызметкерлерінің Әдеп кодекстерінің талаптарын сақтау.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
– Факультет бастығы, полиция полковнигі Амангельдиев Дархан Амангельдиевич
Жұмыс телефоны: +7 (7132) 730-222, 73-05-47 (ішкі 153, 139); Ұялы телефон: +7 (701) 079 09 19
|
|