2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру қарсаңында, 2023 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппараты өкілдерінің, полиция департаменттері, прокуратура қызметкерлерінің, қоғамдық кеңес өкілдерінің, Ақтөбе облысы мәслихаты депутаттарының, БҰҰДБ ұлттық сарапшыларының, Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттері ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің, С.Бәйішев университетінің қатысуымен “Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға проблемалық-бағдарланған талдау: заманауи әдістер мен технологиялар” халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев ашып, іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Институт бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Н.Ж.Мұхаметқалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік құқықбұзушылық комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі С.А.Түсіпов, Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.М.Саймағамбетов, БҰҰДБ ұлттық сарапшысы Н.Ж.Ерғалиева және басқалары баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты қылмыстың алдын алу саласындағы тәжірибені жинақтау және бөлісу, қылмыстың алдын алуды табысты жүзеге асыру әдістер мен технологияларын іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделін енгізу әдіснамасы мен практикасының проблемалық мәселелерін талқылау және оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болды.
Конференцияға қатысушылар Ақтөбе облысы Полиция департаментінің сервистік орталығының, сондай-ақ Ақтөбе заң институтының материалдық-техникалық базамен танысуға мүмкіндік алды.
2023 жылғы 26-27 мамырда Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясында /Ташкент қ./ гибридті форматта «Сараптамалық-криминалистикалық қызмет: проблемалар, перспективалар мен инновациялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.