Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

МАА спортшыларымен кездесу

21.02.2019

     Елбасы  атап өткен жастар жылы аясында 2019 жылғы 20 ақпанда  Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты басшылығымен курсанттар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ММА бойынша халықаралық жарыстардан үш жыл бойы көшбасшы болып келе жатқан ақтөбелік спортшылармен кездесу өткізілді.
     ММА  бойынша халықаралық спорт шебері, елімізді халықаралық ареналарда танытып жүрген, жеңілу дегенді білмейтін балуан – Гойти Дазаев, кездесу кезінде  курсанттармен тез тіл табысып кетті.Сонымен қатар қонақта «Еркін күш» СК  спортшылары болды. Олар:
     ММА федерациясының президенті ММА, панкратион, грепплинг және кәсіби ұрыс бойынша халықаралық спорт шебері – Азамат Марқабаев.
     Панкратионнан халықаралық спорт шебері, әскери қоян- қолтық ұрыс шебері  Айдын Төлепбаев,  Арнайы жедел әркет ету жасағында қызмет атқарады.
     Сонымен қатар  кездесуге Дастан Амангелді,  Күндияс Сағындықов сияқты атақты спортшылар шақырылды.
     Кездесу курсанттар өздеріне қызықты сұрақтарына  жауап алатындай ашық диалог түрінде өтті.
     Спортшылар өз кезегінде курсанттар қойған  сұрақтарға жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестер берді.
     Кездесу соңында Қазақстан Республикасы  ІІМ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі  А.М.Сайтбеков  спортшыларға  алғысын білдіріп, жаңа жеңістер тіледі.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы
полиция аға лейтенанты 
Б.Елеусизов