Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

М. Дулатов атындағы №63 мектеп-лицейінің кадет сынып оқушыларына “Криминалистика” пәні бойынша сабақ өткізу

19.02.2020

2020 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Д.С.Мұқанова М.Дулатов атындағы № 63 мектеп-лицейі полиция кадет сыныбының оқушыларына «Криминалистика» пәні бойынша сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар сарапшысы-криминалистің қызықты және күрделі кәсібі туралы білді, сонымен қатар, криминалистика ғылымының негіздерімен танысып, ойын түрінде оқиға орнында қылмыскердің ізін табу, заттарды алу және іздерді буып-түю процесіне қатыса алды. Оқушылар өздерін криминалист маман рөлінде сынап көріп, тірі адамдардың саусақ ізін алу тәртібі мен ережелерімен танысты.