11.03.2020
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен М.Дулатов атындағы №63 мектеп-гимназия арасындағы қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, сондай-ақ институттың ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар жоспары аясында М.Дулатов атындағы №63 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» кадет сыныбында, 11.03.2020 жылы жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Давлетбайұлы Тулешев оқу сабағы өткізді.
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта оқытушы заң терминдеріне жете тоқталып, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзышылық, қылмыстың алдын-алу туралы, бала құқығы, азаматтың құқығы, бостандықтары мен міндеттері жайлы түсіндіріп өтті.
Жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамымен «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларына оқытылған оқу сабағының мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, отанына деген сүйіспеншіліктіа арттыру, заңдылықты сақтауға ықпал ету.
Жалпы заң пәндері кафедрасы












