20.02.2020
2020 жылдың 20 ақпанында кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А.Ж.Жарасхан сабақ өткізу кестесіне сәйкес М.Дулатов атындағы № 63 мектеп-лицейінің кадет сыныбында «Балының үйден тыс өмірі» тақырыбында кезекті сабақ өткізді.
Сабақ барысында видеороликтер көрсетілді, онда статистика бойынша балалардың 75%-ы бейтаныс адамдардың алдауына сенетіндігін көрсетті.
Сабақ барысында А.Ж.Жарасхан балаларға Қазақстан Республикасы ІІМ-нің әлеуметтік экспериментіне сәйкес ұсынылған құпия сөзді қолдануға үйретті.
Кәсіби психологиялық даярлық және ІІО басқару
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А.Ж.Жарасхан










