Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мүгедектігі бар азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениеті» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.

26.09.2025

2025 жылғы 22 қыркүйек күні қосымша білім беру факультетінің тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Сейітжан Кенжеғұл Социалұлы «Мүгедектігі бар азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениеті» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.Дәріс барысында тыңдаушыларға мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қоғамдағы орнына қатысты өзекті мәселелер жөнінде мазмұнды ақпарат беріліп, сұрақтар жан-жақты талқыланды.