Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты»

24.06.2021

2021 жылғы 24 маусымда Құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2017-2022 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарына сәйкес институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы кадр саясаты бөлімі идеология жұмысы бөлімшесімен бірлесе отырып, алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен «Мәңгілік ел идеясы – ұлттың ұлы мұраты» атты тақырыпта кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы М.Дулатұлы атындағы №63 мектеп-гимназиясының кадет сыныбына «Мәңгілік ел» туралы баяндама жасалып, елді қорғау мақсатындағы ІІО қызметкерлерінің қызметі туралы көріністер көрсетілді.

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматтардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыру.

Арнайы-тактикалық даярлық

кафедрасының  доценті

полиция подполковнигі

А.А. Мергалиев