26.02.2019
Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойын атап өтуге және Ауған Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты 2019 жылдың 25 ақпаны күні әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының қызметкерлері ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімімен біріге отырып «Мәңгілік алау» даңқ ескеткішіне және интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қою рәсімін өткізді.
Аталған іс-шара «Әскери-патриоттық тәрбие» атты халықаралық дөңгелек үстелдің, Ауған Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 30 жыл толуына және ІІО-ның жедел-криминалистік қызметіне 100 жыл толуына арналған «Ішкі істер органдарының криминалистері әділдік жолында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде, сонымен қатар Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Қаһарман қала Волгоградтан, соның ішінде Ресей Федерациясы ІІМ Волгоград академиясынан, Ресей Федерациясы ІІМ Урал заң институтынан, Ресей Федерациясы ІІМ Барнауль заң институтынан, Орынбор мемлекеттік университетінен келген қонақтар мен қатысушылар «Мәңгілік алау» даңқ ескеткішіне және интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бұл іс-шараның салтанатты түрде өтуі үшін екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Я.Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының оркестрі шақырылды.
Гүл қою рәсімі Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік гимндерінің орындалуымен ашылды. Қаза болғандарды еске алу мақсатында үнсіздік минуты жарияланды.
Гүл қою рәсімін өткізген соң естелік сөз Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбековке және Ресей Федерациясы ІІМ Волгоград академиясының эксперттік-криминалистік қызметінің ғылыми-оқу жүйесінің бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Петр Михайлович Кошмановка берілді.
Біз өз ата-бабаларымыздың ерліктерін есте сақтап, ҰОС ардагерлерін құрметтеп, интернационалист жауынгерлердің өз-өздерін құрбан еткендерін бағалауымыз керек. Және біз қаһарман қалаларда, тылда және алдыңғы шепте соғысқан барша батырларға алғысымызды білдіреміз.
Сөйтіп, аталған іс-шара интернационалист жауынгерлердің ескерткішіне гүл қоюмен аяқталды.
Әскери және дене шынықтыру
даярлығы кафедрасының бастығы
полиция подполковнигі С.М.Мусин