Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мұражайға бару

10.06.2019

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы полиция майоры А. Н. Левченкованың жетекшілігімен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЮИ 7 топ тыңдаушыларының патриоттық рухын көтеру және тәрбие беру мақсатында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейіне бару ұйымдастырылды.

Ә. Молдағұлова мұражайы  Республика Министрлер Кабинетінің 1980 жылғы 5 маусымдағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің бұйрығымен құрылды. Мұражайдың ресми ашылуы 1985 жылғы 22 сәуірде Ақтөбе қаласында Ұлы Жеңістің 40 жылдығы және батырдың 60 жылдығы қарсаңында өтті.

Мұражай өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және ҰОС туралы құжаттар, материалдар жинау орталығы болып табылады. Батырдың өмірі мен ерлігі соғыс жылдарындағы батырлық пен ерлікті насихаттау музей қызметінің басты міндеті болып табылады.

Кездесу барысында тыңдаушылардың әскери техникасы, соғыс кезіндегі атыс қаруы және әскери киім-кешектегі экспонаттар ерекше қызығушылық тудырды.

Музейден кейін тыңдаушылар Кеңес Одағы Батырларының аллеясы орналасқан Әлия Молдағұлова даңғылындағы саябақта болды. Аллеяда Ақтөбе облысында туған батырлардың аты жазылған қола барельефтері бар 46 гранит стел орнатылған. Олардың арасында Институтқа есімі берілген Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың да стелі бар.

Экскурсия барысында тыңдаушылар естелік фотосуреттер жасады. Ақтөбе қаласының тұрғындары болмаса да, олар көргендеріне үлкен қызығушылық танытты. Біраз уақыттан кейін, бастапқы дайындық курсын сәтті аяқтап, олардың барлығы өздерінің туған қалаларына барып, өз естеліктерінде біздің қаламыздың көрікті жерлерін алып кетеді.

ҚҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

А.Н. Левченкова