22.12.2022



Қазіргі таңда ішкі істер органдарындағы қызмет тек терең құқықтық білім мен жоғары дене шынықтыру дайындығын ғана емес, сонымен қатар жоғары психологиялық тұрақтылықты да талап етеді. Осындай мамандарды даярлау мақсатында институтта кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасы жұмыс істейді. Бұл кафедра болашақ полиция қызметкерлерінің кәсіби маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы №975 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы қайта ұйымдастырылып, оның негізінде кәсіби психологиялық даярлық кафедрасы құрылды.
Қазіргі уақытта кәсіби психологиялық даярлық кафедрасы ғылыми және оқу-әдістемелік қызметте маңызды рөл атқарады. Кафедра құрамында 3 адам бар: кафедраның аға оқытушысы, полиция подполковнигі Бисенова Таланды Елумагамбетовна, кафедра оқытушылары, полиция подполковнигі Сагинтаева Асель Айдосовна және полиция подполковнигі Умурзакова Айгүл Әлібекқызы.
«Заңгер-психолог» ғылыми үйірмесі
Ғылыми үйірменің жұмысы курсанттар мен тыңдаушылардың аналитикалық ойлау қабілетін, кәсіби міндеттерді шешуде шығармашылық көзқарасын дамытуға ықпал етеді, олардың психологиялық және ғылыми мәдениет деңгейін арттырады.
Зерттеу жобаларына қатысу арқылы ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері психологиялық білімдерін нақты қызметтік тәжірибеде қолдануды үйренеді, бұл олардың кәсіби құзыреттілігі мен қызметке дайындығын арттырады.

Дөңгелек үстел
«Ішкі істер органдары курсанттарының қарқынды кәсіби даярлық жағдайында стресске төзімділікті және эмоциялық интеллектіні дамыту өзекті мәселелері» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында 2025 жылғы 18 тамызда дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – болашақ полиция қызметкерлерінің кәсіби және жеке қасиеттерін қалыптастыруда эмоциялық интеллектінің рөлі мен маңызын талқылау, сондай-ақ ІІМ жүйесінде эмоциялық құзыреттілікті дамыту тәжірибесімен алмасу болды.
Дөңгелек үстел жұмысына психология және эмоциялық интеллект саласындағы жетекші мамандар, кафедра оқытушылары, институт тыңдаушылары мен курсанттары қатысты. Шақырылған қонақтар қатарында тәжірибелі психологтар, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ жеке құрамның психологиялық сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелерінің қызметкерлері болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, ІІО курсанттарының эмоциялық интеллектіні дамытудағы психологиялық даярлықтың маңыздылығы мәселелері, сондай-ақ тиімді қарым-қатынас орнатуға және стресстік жағдайларда бейімделуге ықпал ететін психологиялық әдістер айқындалды.

Мобильді академия
2025 жылдың 6–11 қазан аралығында Жамбыл облысы полиция департаментінде (Тараз қаласы) сыртқы қызмет бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттыру курстары аясында оқу сабақтары ұйымдастырылып, өткізілді.

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен сабақ өткізу
Кәсіби психологиялық даярлық кафедрасының біліктілікті арттыру курстарын өткізуі ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетін нығайтуға, қызметкерлердің психологиялық мәдениетін арттыруға және кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Мұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесін лайықты таныстырып, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға қабілетті, тұрақты, құзыретті және жауапты полиция қызметкерін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Кафедраның функциялары:
1. ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін оқу процесі мен құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне енгізу;
2. ғылыми басылымдар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік ұсынымдар дайындау және оларды оқу процесі мен практикалық қызметке енгізу;
3. білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
4. болашақ қызметкерлердің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін дамыту мен қалыптастыру мақсатында психологиялық тренингтер өткізу (танымдық қабілеттерді, басшылық әлеуетін, коммуникативтік дағдыларды, толеранттылықты жетілдіруге бағытталған);
5. білім алушыларда шешімдерді өз бетінше және кәсіби деңгейде қабылдау мен іске асыру қабілетін қалыптастыру;
6. білім алушыларда отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік, жоғары адамгершілік және патриотизм сезімін тәрбиелеу;
7. білім алушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға тарту;
8. кафедра бейіні бойынша тақырыптық іс-шаралар өткізу, бұл білім алушылардың дүниетанымын кеңейтуге және таңдалған мамандыққа құндылық тұрғысынан қарауға ықпал етеді;
9. орта жалпы білім беру мектептерінде, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары оқу орындарында білім алушылардың кәсіби бейімделуіне бағытталған жұмыс жүргізу;
10. оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
11. ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу.
Кафедраның міндеттері:
1. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік және басқа да жұмыстарын қамтитын болашаққа арналған және жылдық жоспарларына ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
2. Кафедраның барлық қызмет түрлері бойынша мәселелерді кафедра отырыстарында талқылау, талдау және шешім қабылдау; кафедра отырыстарында қабылданған шешімдер кафедра қызметкерлері үшін міндетті болып табылады;
3. Институт басшыларының тапсырмаларынан туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
4. Институт басшыларының нұсқауларын, Ғылыми кеңес шешімдерін, Институт бастығы қатысатын жедел кеңес пен оқу-әдістемелік кеңес, кафедра отырыстарының шешімдерін нақты және уақытылы орындау;
5. Барлық оқу және тәрбие жұмыстарының түрлерін сапалы жүргізу;
6. Ғылыми-зерттеу жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және оның нәтижелерін оқу процесі мен ішкі істер органдарының практикалық қызметіне енгізу;
7. Заңнамада көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Кафедраның перспективалары:
Кәсіби психологиялық дайындық кафедрасының негізгі бағыты – ішкі істер органдарының тыңдаушылары мен курсанттарының кәсіби психологиялық қасиеттерін дамыту, психологиялық тұрақтылықты, сабырлылықты және ұстамдылықты тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ олар қызмет барысында кездесетін экстремалды жағдайларға бейімделу және жедел шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға баса назар аударылады.
Курсанттарды және тыңдаушыларды профайлинг әдісі арқылы қылмыскер мен күдіктіні анықтауға, қақтығыстарды шешуде психологиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдауға үйрету көзделеді.
Мақсат – тыңдаушыларды практикалық қызметке дайындау және кәсіби бағдар беру.
Кафедра курсанттармен, кәсіби даярлық тыңдаушыларымен және біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен оқу процесін қамтамасыз ету ісіне белсенді қатысады.
Ғылыми зерттеу жұмысы аясында кафедра келесі тақырыптар бойынша ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:
– «Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері бойынша құқық бұзушылардың қақтығыстық мінез-құлқын түзетуге арналған психологиялық көмек»;
– «Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері бойынша құқық бұзушылардың қақтығыстық мінез-құлқын түзетуге арналған психологиялық көмек».
Байланыс телефоны: 8-776-799-3101
Жұмыс телефоны: 129







