Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кылмыстык, процестін теориясы мен практикасынын озекті маселелері» такырыбында халыкаралык, гылыми-тэжірибелік конференция откізілді.

9.11.2022

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Ресей Федерациясы ІІМ Ростов заң институтында «Қылмыстық процестің теориясы мен практикасының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараға оқу орындарының арасындағы білім беру мен ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Хаттама аясында, бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан жоспарлау және бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі А.С. Тайшыбаева, ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы полиция подполковнигі  А.А. Сағынтаева және біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Б.Ж. Уайсов қатысты. Конференция барысында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы, қылмыстық сот ісін жүргізуде іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерін қабылдау, жүргізу және іске асыру, қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу мәселелері бойынша қызу пікірталас өтті.