10.10.2022
2022 жылғы 7 қазанда Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Шығыс Сібір институты «Курсанттардың, білім беру ұйымдары студенттерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби және дене дайындығын арттыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Көптеген мемлекеттердің – Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстанның құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Қайырбаев Ж.Қ. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық ұйымдарының курсанттарын даярлау жүйесіне жеңіл атлетиканы енгізу» тақырыбында баяндама жасады.










