Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Құқықтық сауаттандыру»

23.06.2021

2021 жылғы 23 маусымда 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы «Құқықтық сауаттандыру» концепциясы аясында институтқа келген азаматтарға жаяу жүргіншілермен жол ережелерін сақтау тәртібі сұрақтарына құқықтық кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Кеңес беру мақсаты: жол жүрісі саласында құқықтық сауатты қоғам қалыптастыру.