Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КРИМИНАЛИСТИКА ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕН ЖЕДЕЛ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

2.11.2017

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұжымы 2017 жылдың 1 қарашасында кафедра аптасы шеңберінде  2-курс курсанттары және алғашқы әскери даярлық курсы тыңдаушылары мен ІІО орта басшылары құрамы арасында криминалистика және алғашқы медициналық көмек көрсетуден жедел-тактикалық оқу-жаттығу шарасын ұйымдастыруға және өткізуге  қатысты.

Курсанттар мен алғашқы әскери даярлық курсы тыңдаушыларының алдында жедел-тергеу тобының оқиға болған жерге шығу және алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу тапсырмасы тұрды.

Жедел-тактикалық оқу-жаттығу келесі кезеңдерден тұрды:

  1. Оқиға болған жерді қарау (құрбан болған адамды бірге қарау);
  2. Куәгерлерден жауап алу;
  3. Хаттаманы жазу;
  4. Дактилоскопия жүргізу (саусақ іздерін алу);
  5. Адамның түп нұсқасын салу (фоторобот);
  6. Заттай айғақтарды жинау және рәсімдеу;
  7. Тергеу эксперименті;
  8. Көлікті қарау;

9.Аяқ киім және көлік іздерін гипс құймасына түсіру;

  1. Жарақат алғагдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және тасымалдау.

Аталмыш іс-шара курсанттар мен тыңдаушылардың қылмыстық іс-жүргізу құқығы, криминалистика саласында білімдерін кеңейтіп, тергеу органдары мен сараптама орталықтарының жұмыстарын түсінуге, сонымен қатар олар болашақ кәсіби қызметін осы саламен байланыстыруына  немесе өз кәсіби саласын анықтауына мүмкіндік береді, білім алушылардың қызығушылықтары мен жеке қасиеттерін және дағдыларын қалыптастырады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша алғашқы әскери даярлық курсының тыңдаушылары бірінші орынға ие болса, екінші орынды күндізгі оқу факультетінің 2-курс курсанттары иеленді. Екі команда да естелік сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталды.

қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі     

А.Г.Игольников